ОБЛЫСТЫҢ  БАС ИМАМЫ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ 5798

ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

25 желтоқсан 2025 82 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өткен Төралқа мәжілісінде ҚМДБ-ның құрылғанына 35 жыл толуына орай Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев мерекелік медальмен марапатталды.

Марапаттау барысында Бас мүфти марапат иесін арнайы құттықтап, өңірдегі рухани тұрақтылықты сақтаудағы, жамағатпен жүйелі жұмыс жүргізудегі еңбегін жоғары бағалады.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Бас имамдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін атап өтіп, елдің бірлігі мен берекесін арттыру жолындағы игі істеріне табыс тіледі.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі