«Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани шара ұйымдастырылды 5799

«Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани шара ұйымдастырылды

28 желтоқсан 2025 122 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Әл-Ләтиф» мешітінде «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани шара өтті.

Аталған басқосуға Қобда ауданы, сондай-ақ Талдысай және Алия ауылдарының жамағаты арнайы қонақ ретінде қатысты.

Игі шараның басты мақсаты – жамағаттар арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты арттыру, өзара танысып, рухани байланысты нығайту болды.

Кездесу барысында «Әл-Ләтиф» мешітінің ұстазы Оразов Әділбек жамағат бірлігі мен татулықтың маңызы туралы уағыз-насихат айтты. Одан кейін Бас имам Аманғосов Рустембек жиналған жамағатты бір-бірімен таныстырып өтті.

Ал Қобда ауданының бас имамы Шымболатов Абай бұл басқосудың маңыздылығына тоқталды. Жарық ауылының бас имамы Демесинов Бақытжан «Мұсылман бір-біріне бауыр» тақырыбына тоқталды. Қобда мешітінің ұстазы Марат Молдағалиев рухани тәрбиеге бағыттау туралы баяндады. Демесинов Бақытжан уағыз барысында Бауыржан Момышұлының ерлігі мен Алаш арыстарының халқымызға сіңірген еңбектері ерекше атап өтті.

Шара аясында жамағаттар арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Кездесу соңында Әл-Ләтиф мешітінің бас имамы Қобда ауданының бас имамы Шымболатов Абайға құрмет көрсетіп, «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын сыйға тартты. Сондай-ақ Қобда мешітінің ұстазы Марат Молдағалиевке қазақы дәстүрге сай ұлттық оюлы шапан жапты.

Бұл рухани басқосу жамағаттар арасындағы бауырластықты арттырып, ынтымақ пен бірлікті нығайтқан тағылымды кездесу болды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі