ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРДІ
ҚМДБ-ның Төралқа мәжілісінде Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша жылдық есеп берді.
Төралқа жиыны ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өтті.
Бас мүфти дін қызметкерлерінің бір жыл бойы атқарған еңбегіне оң баға беріп, бірқатар бағыттар бойынша жұмысты одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ алдағы кезеңде сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін нақты тапсырмалар жүктеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































