Қызметтік баспанаға қайырымдылық қолдау көрсетілді 5810

Қызметтік баспанаға қайырымдылық қолдау көрсетілді

11 қаңтар 2026 97 Оқу 1 минут

Қасиетті жұма қарсаңында Ақтөбе қаласы, Қайырқожа мешітінде қызметтік үй құрылысына қолдау көрсету мақсатында 1 000 000 теңге қаржы табысталды.

Аталған мешітте қызметтік баспананың құрылысы жүріп жатқаны белгілі. Қазіргі таңда сыртқы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, алдағы уақытта ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Осы игі іске орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бастамасымен қала мешіттерінің жамағаты арасында арнайы үндеу жарияланып, Қайырқожа мешітіндегі қызметтік үй құрылысына қолдау көрсету үшін қаржы жиналды.

Жиналған қаражат қасиетті жұма күні Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы тарапынан жамағат алдында Қайырқожа мешітінің Бас имамы Шыңғыс Ғалымжанұлына салтанатты түрде табысталды.

Игі іске атсалысқан барша жомарт жандарға Алла разы болсын!