2 Сафар
18:42 Екінті
Облыстың Бас имамы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай өткен мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты 4588

Облыстың Бас имамы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай өткен мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

12 маусым 2025 68 Оқу 1 минут

Бүгін Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай Ақтөбе қаласында мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Президент әкімшілігінің өкілдері, Парламент сенаты мен мәжілісінің депутаттары, облыстық мәслихат мүшелері, облыстың Бас имамы Амантай Садиев, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Досбол Аймырза, облыстық мешіттің молдалары Оразымбетов Ықылас пен Балкенов Бақыткерей, Астана, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Қарағанды облыстарынан келген делегациялар, Әлия Молдағұлованың туыстары т.б қатысты.

Жиналған қауым Мерген қыздың жарқын бейнесін бір минут үнсіздікпен еске алды.

ҚР Президентінің кеңесшісі Әлия Молдағұлованың жарқын бейнесі мен өшпес ерлігіне құрметпен үн қатты. Ол Мемлекет басшысының атынан шараға қатысушыларды осы айтулы күнмен құттықтады.

Ал құттықтаудан кейін монумент-ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Дәстүрлі әскери оркестрдің сүйемелдеуімен гүл себеттерін ҚР Президентінің кеңесшісі мен облыс әкімі, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, облыстың Бас имамы, облыстық мешіттің ұстазы мен молдалары, батырдың туыстары, өңірлерден келген делегациялар, ардагерлер, зиялы қауым мен жастар салтанатты түрде қойды.

Одан өзге «Әлия гүлі достарын қарсы алады» атты халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестиваліне қатысушылар да қатысты. Аталған фестиваль Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Айта кетсек, гүл қою рәсімі өткен мемориалдық кешен 2005 жылы Ә.Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойына орай бой көтерген. Биіктігі 3,8 метр. Авторы — ақтөбелік мүсінші Бақытжан Әбішев. Ескерткіш тұғырындағы барельефті белгілі мүсінші Ескен Серғабаев жасап шыққан. Ол қазақ жерінің тарихи бейнелерін бейнелейтін көркем композициямен ерекшеленеді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі