Облыстың Бас имамы Амантай Садиев Әйтеке би аудандық музейіне барды
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Әйтеке би ауданына барған жұмыс сапары аясында аудандық музейде болып, ауданның тарихы мен ұлттық құндылықтары және музей жәдігерлерімен танысты.
Кездесу қорытындысында музей қорына Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің тарихы жазылған кітапты табыстады.
«Әйтеке би аудандық музейі» КММ Т. Жургенов ауылында орналасқан. Екі бөлімшесі: «Қарабұтақ ауылдық музейі» және «Әбілқайыр хан мемориалдық музейі». Жәдігерлер саны 6000-ға жуық. Аудандық музейде үш мыңнан аса экспонат бар.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
















































