Шалқар: Ауданның бас имамы Мөңке би ауылдық округіне барды 4733

Шалқар: Ауданның бас имамы Мөңке би ауылдық округіне барды

08 тамыз 2025 68 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мөңке би ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барды.

Іс-сапар барысында ауданның Бас имамы жергілікті мешітке барып, ондағы ахуалмен танысты. Құлшылық үйінің жұмысын жандандыру, уағыз-насихат пен қайырымдылық бағытындағы шараларды күшейту жөнінде ауыл имамы Нұрболат Кушикбаевқа бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ мешітке қарасты қызметтік үйдің жағдайын тексерді.

Одан өзге Мөңке би ауылдық округінің әкімі Дәурен Серікұлымен кездесіп, ауылдағы діни ахуал жайында пікір алмасты. Кездесу барысында Абзал Медетбеков: «Мешіт – ортақ құндылық. Ислам да солай. Оны дәріптеу дін қызметкерлерінің ғана емес, тұтас қоғамның міндеті. Рухани қуатты, дініне берік, білімді ұлттың болашағы қашан да жарқын болады», – деп атап өтті. Сонымен қатар, діни тұрақтылықты сақтауда мемлекет қызметкерлерінің де рөлі ерекше екенін жеткізді.

Іс сапар қорытындысында Бас имам мешіт кітапханасына назар аударып, ондағы кітаптардың ҚМДБ-ның оң қорытындысына сәйкестігін тексерді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі