«Көшпелі уағыз-насихат керуені»:  Қала имамдары кезекті жұма уағызын өтті 5110

«Көшпелі уағыз-насихат керуені»: Қала имамдары кезекті жұма уағызын өтті

21 желтоқсан 2025 68 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Көшпелі уағыз-насихат керуені» жобасы аясында қала имамдары кезекті жұма уағызын өтті. 

Атап айтқанда, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы “Әл-Латиф” мешітінде, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Қанат Қасымов “Ар-рахим” мешітінде және “Әзіреті Біләл” мешітінің бас имамы Нұрлыбек Такеев Ақтөбе қалалық орталық мешітінде болды.

“Көреалмаушылықтың зияны мен зардаптары” тақырыбында айтылған жұма насихатында имамдар: «Көреалмаушылықтың тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның рухани өміріне әсер ететінін түсінуіміз керек. Ол адамға бейсаналық күйзеліс әкеліп, жүректі кірбіңмен толтырады, достық пен бауырмашылдыққа, отбасы мен қоғамдағы татулыққа кедергі жасайды. Сондықтан өзгелердің қуанышына шын ниетпен ортақ болып, Алланың берген нығметіне шүкір етуге, қоғамда ізгілік пен татулық орнатуға шақыруымыз керек. Өйткені адам тек жүрегін таза ұстап, қызғаныштан арылса ғана рухани тыныштыққа және нағыз берекелі өмірге қол жеткізе алады”,-деп адам өміріне зиянына тоқталды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі