Облыс Бас имамы Шалқарда жұма уағызын айтты 3869

Облыс Бас имамы Шалқарда жұма уағызын айтты

28 қазан 2024 128 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Сәдиев Шалқар ауданына барған сапары барысында аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде жұма намазын жүргізді.

Облыс Бас имамы Амантай Сәдиев Шалқар ауданына барған сапары барысында аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде жұма намазын жүргізсе, Ақтөбе қалалық «Досжан Хазірет» мешітінің имамы Шынболат Әлімқұлұлы қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Жиналғат жамағатқа Бас имам Амантай Сәдиев «Отанды сүю - иманнан» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Отанның қадіріне жету, оны бағалау, пайда тигізу, қорғау, ол жерде мекен ететін халыққа құрмет көрсету, жақсы көру – дінімізде де сауапты, ізгі іс. Негізі Алла Тағала пендесінің бойына Отанға деген сүйіспеншілікті табиғатынан беріп қойған. Қадір Мырза Әлі «Отаныңнан қанша шақырым ұзақтасаң, сонша шақырым рухани жақындай түсесің», – деп айтқанындай әрбір жан өзінің туған жерін жақсы көреді, алыс жаққа сапарлап шыға қалса сағынады. Ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің туған жері Мекке қаласын жақсы көрген. Меккеден Мәдинаға қоныс аударып бара жатып: «Сен мен үшін сондай қымбатсың, сүйіктісің. Егер де сенің тұрғындарың мені қуып шығармағанда, сенен басқа жерде әсте тұрақтамас едім»,-деген» деп, Отанға деген сүйіспеншіліктің және Отан алдындағы әрбір азаматтың алдындағы міндеттерін түсіндіріп өтті Бас имам.

Уағыздан соң облыстың Бас имамы жамағатпен бірге жұма намазын оқып, ел амандығы мен әлемнің тыныштығы, мұсылмандардың ынтымағы үшін дұға жасады.