Қобда: Мәуліт кеші өтті 2206

Қобда: Мәуліт кеші өтті

26 қазан 2022 217 Оқу 1 минут

Қобда аудандық "Шәріп молда" мешітінің ұйымдастыруымен "Адамзаттың ардақтысы" атты мәуліт кеші ұйымдастырылды.

Аталған шара аясында аудандағы "Бауыржан" мейрамханасында мәуліт дастарханы жайылды. Игі басқосуда мәуліт жыры оқылып, пайғамбарымызға (c.ғ.с. ) салауат айтылды.  Рухани шараға облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен аудан әкімі Болат Ахметұлы арнайы қонақ ретінде қатысты. 

Сонымен қатар облыстың Бас имамы жиналған қауымды мәулітпен құттықтап, аталған айдың қадір қасиеті туралы насихат айтты. 

Одан өзге аудан ақсақалдары ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп,  ақ батасын берді. 

Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі