«Отбасыдағы ихсан» тақырыбында жас отбасыларға семинар  ұйымдастырылды 2652

«Отбасыдағы ихсан» тақырыбында жас отбасыларға семинар ұйымдастырылды

15 наурыз 2024 168 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты «Қабақ баба» мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Отбасыдағы ихсан» тақырыбында жас отбасыларға арналған семинар өтті.

Аталған семинарға педагогика саласында 35 жыл ұстаз болып қызмет атқарған, бір әулеттің ұйытқысы, данагөй анасы болып отырған Рахила Төребайқызы арнайы қонақ болып қатысты.

Қажы анамыз жас отбасыларға өмірлік тәжірибесінен сыр шертті. Әсіресе, шаңырақтың берекесі әйел адам екендігіне жіті тоқталды.

Одан өзге мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлына игі шараның ұйымдастырғанына алғысын білдіріп, қоғамның рухани кемелденуіне үлес қосатын отбасы құндылығын насихаттағаны айтып, ақ батасын берді.

Семинар соңында жас жұбайлар мен кеш қонақтарына сый-сияпат табыс етілді.

 

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі