Хромтау «Нұр» мешіті Республика күніне орай ұлттық ойынды ұлықтады 3886

Хромтау «Нұр» мешіті Республика күніне орай ұлттық ойынды ұлықтады

30 қазан 2024 295 Оқу 1 минут

25-қазан Республика күні қарсаңында "Нұр" мешіті Ерлер секторы шәкірттері "Ислам және дәстүр құндылығы" аясында "Ұлттық рух - ұлт мақтанышы" атты шара өткізді. Бұл шара мешіт ауласында өтті. Жарысқа мешіттің 17 шәкірттері қатысты. Жарыстың беташарын мешіт Бас имамы : Ерік Қонақбайұлы "Ел тәуелсіздігі , елдігіміз, егемендігіміз Алла Тағаладан берілген үлкен сый, нығмет. Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) : "Отанды сүю - иманнан" деген. Отанға деген сүйіспеншілік, Отанды қадірлеу, адал қалтықсыз қызмет ету - әр иманды адамның борышы. Садақ ату барлық спорт түр­лері секілді денсаулыққа өте пайдалы әрі атадан балаға жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Ден­саулық тұрғысынан айт­сақ, садақ ату арқаны тік ұс­тау­ға, көру қабілетінің жақсаруына көп көмектеседі. Қазақтың арғы-бергі тарихында жай мен жебені жанына серік етіп, құралайды көзге атқан мергендер көп болған. Оны батырлық эпостардан, қисса -дастандардан жақсы білеміз. Әділетті халифалардан болған Омар Әл-Хаттаб: «Өз балаларыңа садақтан оқ атуды, суда жүзуді және атқа мінуді үйретіңдер», – деген хадисті жеткізген. Имам Мүслімнен келген бір хадисте, Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын.) садақ ату турасында үш рет қайталап мына сөздерді айтыпты: «Расында, күш – садақ атуда» дегендей уағыз - насихат айтып өтті. Мұнан кейін мешіт жамағаты ата салтты жаңғыртып , әуелі садақты дұрыс ұстау, қауіпсіздік ережелері, адырна мен нысана, қорамсап т.б танысып, садақты ату, көздеу техникаларын үйренді. Әбден садақ атуға, көздеуге машықтанған соң жарыс ұйымдастырылды. Әр қатысушының дәлдеп атқан нысанасы есепке алынып, ұпайлары жарияланып, сыйлықтар табысталды. «Ислам және дәстүр құндылығы» деп аталған үстіміздегі жылы мешіт шәкірттері садақ ату, атқа міну, қол күрес, сыпыра тігу, ұлттық ас әзірлеу, "Бастаңғы" секілді салт-дәтүрімізді жаңартатын көптеген іс -шаралар атқарды. Ұлттық құндылықтар -ұлт мақтанышы. Ұлтымыздың салт дәстүрін насихаттап, ұлттық рухымыз әркез биік болсын.