Ақтөбе: «City Fish» кафесі ҚМДБ «Халал Даму» сертификатын алды
Ақтөбе қаласындағы балық өнімдерін дайындап, халыққа ұсынатын «City Fish» кафесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» сертификатына ие болды.
«City Fish» кафесінде балық өнімдерін дайындау және тұтынушыларға ұсыну барысында халал талаптарын сақтау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілген.
ҚМДБ «Халал Даму» сертификаты – кәсіпорындағы өнімдердің, шикізаттың және өндіріс үдерісінің белгіленген халал талаптарына сәйкестігін білдіретін құжат. Сертификаттау барысында кәсіпорынның өндірістік үдерістері мен қолданылатын өнімдері тиісті талаптар негізінде тексеріледі.
Сертификат қасиетті жұма күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма намазына жиналған жамағат алдында кәсіпорын иесіне салтанатты түрде табысталды.
Іс-шара барысында мешіт жамағатына халал тағамның маңызы мен адал кәсіптің берекесі туралы айтылып, кәсіпкерге жұмысына береке, кәсібіне табыс тілектері білдірілді.
Халал стандарттарын сақтау – тұтынушы сенімін арттырып қана қоймай, кәсіпкерлікте адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақтөбедегі «City Fish» кафесінің ҚМДБ «Халал Даму» сертификатын алуы – қала тұрғындарына ұсынылатын балық өнімдерінің халал талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.





































