Әйел-қыздар орталығы 70 адамға ауызашар берді
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы Әйел-қыздар орталығы «Ғибрат» мейрамханасында 70 адамға ауызашар берді.
Жиылған көпшілікке қалалық орталық мешіттің ұстазы Зейнеп Мұсақызы «Мұсылманның бауырмалдығы» тақырыбында уағыз-насихат айтып, көркем мінез-құлықтың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар кешке арнайы қонақ ретінде шақырылған әлеуметтік жағдайы төмен 16 отбасыға сый-сияпаттар табыс етілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі