Қобда ауданы наиб имамға құрмет көрсетті 5807

Қобда ауданы наиб имамға құрмет көрсетті

02 қаңтар 2026 32 Оқу 1 минут

Қобда аудандық Шәріп молда” мешітінде Аслан Сатанов 2021 жылдан бері 4 жыл наиб имам қызметін атқарып келді. «Ақтөбе» медресе-колледжінің түлегі. 

Аудандық мешіттің наиб имамына ауданның Бас имамы Абай Шымболатов облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің атынан алғыс хат пен 230 000 теңге көлемінде сыйлық табыстады. Сонымен қатар Қобда жамағаты кіші қажылыққа жолдама берді. Одан озге аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев өңірдегі діни тұрақтылық жұмысында белсенді қызмет еткендігіне алғыс хатпен марапаттап, ризашылығын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі