Әйелдер арасында Рамазанға байланысты білім сайысы өтті 3349

Әйелдер арасында Рамазанға байланысты білім сайысы өтті

10 сәуір 2024 1508 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласы, "Қабак баба" мешітінде Рамазан айының қарсаңында интелектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа жиналған қала мешіттерінің шәкірттеріне “Қабақ баба” мешітінің бас имамы Нұрлыбек Дүйсеев келе жатқан Рамазан айт мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. Интелектуалдык сайысқа Ақтөбе облыстық орталық "Нұр-ғасыр" мешітінен екі топ және Ақтөбе қалалық "Досжан Хазірет", "Бақытжан", "Қабак баба" мешіттерінен шәкірттер топқа бөлініп сайысқа түсті. Рамазан айының құрметіне шакірттердің біліктілігін арттыру мақсатында Рамазанға қатысты 200 сұрақ кітабынан және Ардақты пайғамбарымыз Мухаммад (с.а.с.) өмірбаянынан сұрақ-жауаптар болды. Аталмыш шарада жүлделі орындар иеленген және белсенді қатысушыларға сыйлықтармен марапаттар табысталды: 1 орын – Актөбе облыстык орталык "Нұр-ғасыр" мешіті, 2 орын - Актебе каласы "Досжан Хазірет" мешіті, 3 орын - Ақтөбе қаласы, " Бақытжан" мешіті жамағаттары иеленді.

Сайыстың соңында 100 адамға арналған ауыз ашар дастарханы жайылып, дастархан басында қатысушылар марапатталды.