Ырғыз: Жамағат арасында Құран Кәрімнен жарыс өтті 1660

Ырғыз: Жамағат арасында Құран Кәрімнен жарыс өтті

04 мамыр 2022 162 Оқу 1 минут

Ырғыз аудандық мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында Құран Кәрімнің 30-шы парасы бойынша жатқа айту және мәнерлеп оқудан жарыс өтті.

Сайысқа сауат ашу курсында оқитын 8-14 жастағы шәкірттер қатысып, ұпай саны бойынша үздік деп танылғандарды әділқазылар Абуирбек қари Әлиайдар мен мешіт жанашыры Әділбек Тұяқбаев жеңімпаз ретінде марапаттады.


Жеңімпаздар

 

Жатқа айту бойынша

І орын –Нұржан Төлеген

ІІ орын – Дәурен Саудағали

ІІІ орын – Есентаев Манас

Ынталандыру – Нұрмагамбетов Дәурен

 

Мәнерлеп оқу бойынша 

І орын – Қынап Абдулкарим

ІІ орын – Жақсылық Нұрхасан

ІІІ орын – Қанат Ислам

Ынталандыру – Ахмедияр жақсылық

Ынталандыру – Амандық Нұрәли


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі