Алматылық наиб имам Хромтау жамағатымен кездесті 4981

Алматылық наиб имам Хромтау жамағатымен кездесті

04 қараша 2025 179 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде ай сайын жамағаттың татулығын мен бірлігін арттыру мақсатында жамағат бас қосуы өтіп келеді.

Осы айдағы жүздесуге арнайы қонақ ретінде Алматы орталық мешітінің наиб имамы Тимур Әлиев келіп, жамағатқа «Мұсылманның шынайы келбеті», «Ауызбіршілік пен ынтымақтың маңызы» тақырыптарында тағылымды уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар мұсылманның әдебі, қоғамдағы орны, бірлік пен мейірімділік секілді қасиеттерді нақты мысалдармен жеткізді.

«Мұсылман – мұсылманның айнасы. Адам сыртқа шығарда айнаға қарап, өз-өзін түзегені сияқты, мұсылман да бауырының кемшілігін көрсе, оны түзетуге тырысуы керек. Себебі бізге қарап, өзгелер дінге қызығуы немесе, керісінше, діннен алыстауы мүмкін» – деді Тимур Әлиев.

Одан өзге Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Такеевте қатысып, жамағатқа көркем мінез бен тақуалықтың маңызын түсіндірді.

Рухани мазмұндағы шараның аясында жамағат арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылып, дін тарихына қатысты сұрақтарға жауап берді. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі