Жамағат діни сұрақтарға жауап алды
Жұма намазынан кейін облыс бойынша «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Талғат Аманов бастап, барлық мешіттегі имамдар мен ұстаздар жамағат тарапынан қойылған әр сұраққа жауап берді. «Ер адамдарға ақ алтын бұйымдарын қолдануға бола ма?» атты пәтуасы таныстырылды. Кейін жамағат тарапынан Таһаджуд намазының шарттары, уақыты туралы сұрақ қойылды.
Пәтуа сағаты әр жұма күні өтеді.













































