Қобда: Ауданның Бас имамы марапатталды 3021

Қобда: Ауданның Бас имамы марапатталды

24 қазан 2023 63 Оқу 1 минут

Бүгін Қобда аудандық мәдениет үйінде ұлттық мереке – 25 қазан Республика күніне арналған мерекелік шарада Қобда ауданының бас имамы Шымболатов Абай аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

«Сізді 25 қазан – Ұлттық мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Республика күні – сан ғасырлардан бері ата-бабаларымыз аңсаған арманның жүзеге асқан ұлы күн.

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралағында толағай табыстарға жетті. Қазіргі таңда еліміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.

Қоғамымыздың гүлденуіне сіңірген еңбегіңіз жемісті, әрбір бастамаңыз сәтті болсын!

Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, жұмысыңызға шығармашылық табыс тілеймін!», -делінген құттықтау хатында.

Ауданның бас имамының марапатымен құттықтаймыз! Алар асуыңыз аласырмасын!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі