Ақтөбе имамдарына жыл жоспары таныстырылды
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің конференция залында Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің төрағалымен алқалы жиын өтті.
2025 жылдың алғашқы жиналысына облыс, қала, аудан имамдары мен бөлімдерге жауапты мамандар қатысты.
Амантай Әбілдаұлы жарасымды отбасындағы өзара мейірімділік, ізгілік, адамгершілік сынды қанға сіңген қасиеттерді жаңғырту үшін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің 2025 жылды діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялағанын айтты.
Сонымен қатар биылғы жылы басымдық берілетін төрт бағыт: дін мен дәстүр, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру бойынша тапсырмаларды, сонымен қатар «Ислам және отбасы құндылығы жылы» және қара шаңырақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығы аясында біршама атқарылатын іс-шараларды жіті таныстырды.
«Біріншісі – тазалық! Ары, жаны мен тәні таза адамның жолы да таза болады. Екіншісі – әділдік, туралық! Атамыз қазақ «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Туралық бар жерде тақуалық бар. Үшіншісі – тереңдік! Өзін өзі бақылаған адам ғана жүрегінің түкпіріндегі жауһарды таба алады. Ал өзіңді тану үшін ең алдымен білім мен парасат керек. Төртіншісі – табандылық! Діни салада табандылық танытқан адам ғана ыждағатпен, ықыласпен еңбек ете алады»,- деп бас мүфтидің әр дін қызметкерлерінде болуы керек 4 қағиданы атап өтіп, берілген тапсырмалар мен аманатты жауапкершілікпен атқаруға шақырды.
Жиында бөлімге жауаптыларда жыл бойы тапсырмаларды жүйелі әрі сапалы жасау барысына тоқталды.
Одан өзге Облыстың бас имамы облыс өкілдікте «Уақып» бөліміне жауапты Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің азаншысы Жарасхан Әбдісаламов, «Жастар ісі секторына» жауапты «Досжан хазірет» мешітінің ұстазы Аслан Қорған бекітілгенін айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі