«Нұр Ғасыр» мешіті ауруханаларға 34 «Пульсоксиметр» табыстады 211

«Нұр Ғасыр» мешіті ауруханаларға 34 «Пульсоксиметр» табыстады

03 қазан 2020 201 Оқу 1 минут

Мешіттер рухани орын ғана емес, қайырымдылық пен ізгілік жасайтын орын болып саналады.

Елімізде індет өршіп, ел қиналып жатқанда Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің «Зекет» қайырымдылық қорының жергілікті өкілі, наиб имам Алмат Әли де тасада қалмай, «Өмірге үміт сыйла» акциясына үлесін қосып, №3 қалалық емханаға 17 дана және Ақтөбе облыстық жұқпалы клиникалық ауруханаға 17 дана "Пульсоксиметр" аппараттарын табыстады.

Жүрек соғу жылдамдығын бақылау құралдарын қуана қабыл алған ауруханалардағы індетпен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлер қауымы мен басшылық алғыстарын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі