Ақтөбе мешіттері сенбілік жасады 209

Ақтөбе мешіттері сенбілік жасады

03 қазан 2020 214 Оқу 1 минут

Күз мезгілі келісімен жылдағы үрдіс бойынша ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі сенбілік шараларын ұдайы жүргізуде. Бүгінде осындай игі шара Ақтөбе облысы мешіттерінде өтті.

Сенбілікке облыстың Бас имамы Т.Оспан өзі бастамалық жасап, мешіттердің ұжымы және жұдырықтай жұмылған жамағаттары да ат салысты. Жамағат асарлатып, ішкі сыртқы тазалықтар толық жасалды. Атап айтсақ, әдеттегідей ағаш түптері қопсытылып, әктеліп, мешіт аулалары қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, әртүрлі жас ағаштардың түптері отырғызылды. Сенбілікке қатысқан барша жамағатқа өз алғысымызды білдіреміз.

Алдағы уақытта иманның жартысы болған тазалық жұмыстары өз жалғасын таппақ.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі