Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" және қалалық "Жанаман ахун Сейітімұлы" мешітінің ұйымдастыруымен  1 маусым «Дүниежүзілік балаларды қорғау» күні аталып өтті. 3391

Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" және қалалық "Жанаман ахун Сейітімұлы" мешітінің ұйымдастыруымен 1 маусым «Дүниежүзілік балаларды қорғау» күні аталып өтті.

03 маусым 2024 439 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" мешітінің бас имамы Абзал Медетбеков қонақтарды және балаларды мерекемен құттықтап, олардың діндегі орны жайында тілге тиек етті. 

Сондай-ақ, "Кез - келген мұсылманның мұраты – иманды, ізгі ұрпақ тәрбиелеу. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) бір өсиетінде: «Әкенің балаға берер ең жақсы сыйы – тәрбие» деген. Бұл  тәрбиенің маңызын меңзейтін хадис. Шын мәнінде, ата-ана өз ұрпағына тәрбиеден артық нығмет, тәрбиеден артық жақсылық қалдырған емес. Алла Елшісінің тағы бір хадисінде балаға бір сәт көңіл бөліп, тәрбиесіне араласу садақа беруден артық амал екенін айтқан "- деді Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков. 

Игі шарада балаларға  ойыншықтар, балмұздақтар мен мақта таратылды.

Сонымен қатар, Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" мешітінің азаншысы Қайрат Қаймолдин және "Матай Қоқанұлы" мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай балаларға жарыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыстады. 

Әйел жамағатының белсендісі Гүлдариға Шудабайқызы өзінің ізгі тілегін білдіріп, жиналған бүлдіршіндердің болашағынан үлкен үміт күтетінін тілге тиек етті. Өз кезегінде ата - аналар да ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, дән риза болды.