Ырғыз: 25 отбасыға азық-түлік үлестірілді
Бүгін қасиетті жұма күніне орай Ырғыз аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Жомарт жұма» қайырымдылық акциясы аясында аз қамтылған 25 отбасыға азық-түлік қоржыны үлестірілді.
Ырғыз ауданының Бас имамы Бауырдан Мырзабай игі бастама ауданда жалғасын табатындығын жеткізді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі