Ақтөбе: Қарттарға құрмет көрсетілді 212

Ақтөбе: Қарттарға құрмет көрсетілді

03 қазан 2020 186 Оқу 1 минут

«Қариялы ел – қазыналы ел». 1-қазан – халықаралық қарттар күніне орай ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша мешіт имамдары жергілікті ақсақалдарды арнайы зиярат етіп, сыйлықтар тарту етіп қайтты. Қариялардың қал-жағдайын сұрап, мешіт қызметкерлері аталмыш күнді мерекеге айналдырды. Қариялар имамдарға баталарын беріп, істеріне береке тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі