«Намаз оқып үйренейік» дәрісі өтті
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сай Ақтөбе облыстық орталық мешітінде жұма намазынан кейін жамағатқа облыстық мешіттің ұстазы «Намаз оқып үйренейік» дәрісін өтті.
Оқу ағарту бағыты бойынша өткен дәрісте жамағатқа ұстаз ханафи мәзһабы бойынша намаздың оқылуын теориялық және практикалық түсіндірді.
Сонымен қатар дәріске қатысушылар намазға қатысты сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі