ХРОМТАУ: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ МЫСЖАН АТА ЗИРАТЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ 2304

ХРОМТАУ: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ МЫСЖАН АТА ЗИРАТЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ

11 шілде 2023 117 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Сұлтанов Ерік Қонақбайұлы бастаған мешіт жамағатымен «Дархан дала» жобасы аясында Мысжан ата, Білте ата зираттарында болып, зиярат жасап, Құран бағыштады.

Зиярат жасау барысында жергілікті қызметкерлермен сұхбаттасқан Ерік Қонақбайұлы: «Бір ғұлама «Халықты оятқың келсе, оның тарихын оят» деген екен. Біз жастарды құлшылыққа құлшындырып қана қоймай, оларды тарихымызбен де тәрбиелеуіміз керек. Біздің тарихымыз тәлім мен тағылымға толы. Талай тұлғаларымыздың өмірі өнеге болып қалды. Ендеше, оны көбірек насихаттауымыз керек», - деп атап өтті.


Хромтау ауданық мешітінің «баспасөз қызметі