Ойыл: Жалған діни ағымдардан сақтануға шақырды 4220

Ойыл: Жалған діни ағымдардан сақтануға шақырды

22 ақпан 2025 18 Оқу 1 минут

Ойыл аудандық мешітінің бас имамы Қызыр Бақжарық жамағатты жалған діни ағымдардан сақтануға шақырды.

«Бірлік-қуаттың,күштің көзі,ал бөліну мен алауыздық әлсіздікке жол береді. Біздің міндетіміз -мұсылмандар жамағатымыз арасында бірлікті сақтау, жік-жікке бөлінуге жол бермеу. Құранда Алла Тағала: «Барлығың Алланың дініне жармасыңдар, бөлінбеңдер» - делінген.

Мешіт жамағаты Құран Кәрім мен ардақты Мұхаммед пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көрсеткендұрыс жолдан таймауымызға, мәзһаб пен сенімге ақидаға байланысты жік-жікке бөлінбеуіне, Ислам дінінің бейбітшілік пен бірлікке шақырған тура жолмен жүруге ықпал болады деген сенімдеміз» деді ауданның бас имамы.

Айта кетсек, аталған насихат ҚМДБ бекіткен төрт бағыт аясында өтті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі