ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚЫРҒЫЗСТАН МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының VI мәжілісі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закировпен кездесті.
Кездесу барысында қос тарап діни саладағы тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, жастардың діни білімін жетілдіру, діни экстремизмнің алдын алу және бауырлас елдердің рухани байланыстарын нығайту мәселелерін талқылады.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасына жылы қабылдап құрмет көрсеткендігі үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы діни қарым-қатынастың дәстүрлі бауырластыққа негізделгенін атап өтті.
Өз кезегінде Қырғызстанның Бас мүфтиі Абдулазиз қажы Закиров Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен байланыстарды одан әрі күшейтуге дайын екенін жеткізді.





































