Рамазанға дайындықтың 6 қағидасын ұсынды 4218

Рамазанға дайындықтың 6 қағидасын ұсынды

22 ақпан 2025 66 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешіті әйел жамағатына қасиетті Рамазан айы алдында соңғы әзірліктерін пысықтау мақсатында уағыз-насихат өтті. 

Жиналған жамағатқа мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова Рамазан айының қадір-қасиетін айта келе, әр адамның Рамазан алдында ниетін түзулеп, мақсатын айқындап, жоспарлы түрде Рамазанға әзірлік жасауы маңызды екенін айтып өтті.

Сонымен қатар екі дүниенің де бақытын көздеген әр мұсылманға Рамазан айына деген рухани дайындығын күн санап пысықтай бергені жөн екенін талдады.

Одан өзге мешіт ұстазы 6 қағиданы ұсынды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі