Найб имам Хромтау жамағатымен кездесті 677

Найб имам Хромтау жамағатымен кездесті

25 маусым 2021 163 Оқу 1 минут

Өткенде Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов Хромтау ауданының бас имамы ұйымдастырған айлық отырысқа «Нұр» мешітіне арнайы іс-сапармен барды. Аудандық мешіт жамағаты әдеттегідей дастархан басында бас қосып, облыстан келген имамның насихатын ұйып тыңдады.

Нұрбол Берікболұлы жас жамағатқа жастық шақтың қадірі туралы тартымды да, тағылымды уағыз айтты. Асыл дініміз Исламда жастық шақ – Алланың адам баласына тарту еткен қайтып оралмас ең қымбат сыйы, ұлы нығметі деп бағаланатынын айтып, Алла елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі де ғибратты хадистеріне тоқталды.

Сондай-ақ, мешітке жиналған аталмыш жамағаттың аудандағы жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаратын негізгі үлгілі мұсылман жамағаты болу керектігіне нұсқап, ислам дініне қызмет ету мен білім алудың маңыздылығын ескерді. Әрқашан имамдармен бірге болып, бірлік пен ынтымақтан ажырамауға шақырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі