Бас имам Ақтөбелік оқушыны дипломмен марапаттады 678

Бас имам Ақтөбелік оқушыны дипломмен марапаттады

03 шілде 2021 120 Оқу 1 минут

ҚМДБ ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай балалар мен жасөспірімдер арасында «Азаттық – балалар көзімен» атты көркем сурет байқауын ұйымдастырған болатын. Байқауға Қазақстанның әр аймағынан оқушылар мен жасөспірімдер өздерінің әртүрлі туындыларын жіберіп қатысқан болатын. Қазылар алқасының шешімен Ақтөбе облысынан келген Ақтөбе қаласының тұрғыны №71 орта білім беретін мектептің 4 «ә» сынып оқушысы Байғали Нұрсәт Қалижанұлы жүлделі III орынды ұтып алды.

Осыған орай, ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша Бас имамы Серікжан Еншібайұлы оқушының анасы екеуін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қабылдап, дипломмен марапаттап, сыйлыққа планшет тарту етті. Қолынан өнер тамған баланы оқытып, білімді қылып тәрбиелеп келе жатқан Нұрсәт Қалижанұлының ата-анасына алғысын айтты.

«Білім алу тал бесіктен жер бесікке дейін» деп Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисінде айтылғандай, жас болса да өзінің алғыр әрі өнерлі оқушы екенін дәлелдеген жерлесіміздің жетістігіне баршамыз құтты болсын деп қуанышымызбен бөлісеміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі