Ақтөбе: Ораза айт мерекесін тойлады (Фото) 1640

Ақтөбе: Ораза айт мерекесін тойлады (Фото)

02 мамыр 2022 241 Оқу 1 минут

Бүгін күллі мұсылман үшін ұлық мереке Ораза айтта ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты мешіттерде 35 000 адам айт намазын оқыды.

Таңмен таласа құлшылыққа асыққан халықтың үлкені мен кішісі қатар тұрып сап түзеп, имамға ұйып, дұға-тілектерін айтты.

Сонымен қатар айт намазының алдында «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» атты қайырымдылық акциясы аясында республика бойынша 549-шы, Ақтөбе өңірі бойынша 26-ші баспана кілті Хабиболла қари Раушанға табысталды.

Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы қариды жаңа қонысымен құттықтап, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен өткен Рамазан айындағы іс-шараларға белсенді қатысып, бір ай бойы онлайн Құран Хатым жүргізгеніңізге алғысын білдіріп, отбасына амандық, деніне саулық, қызметіне береке тіледі.

Бас имам жиналған жамағатты айт мерекесімен құттықтады. Мерекеге орай 225 мың теңге және 1 қой, 2 кимано киімінен тұратын жүлде қорын қамтыған ұлттық спорт (қазақша күрес, қол күрес, арқан тартыс, қой және көтеру, )түрлерінен сайыс ұйымдастырылды.

Ұлық мерекеде облыстың Бас имамы Нұрислам есімді бүлдіршіннің тұсауын кесіп,сал-дәстүріміз насихатталды.

Одан өзге жиналған қауымға айт дастарханынан дәм татты.


ЖАРЫС ҚОРТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗДАР


Ауыр салмақ бойынша (70кг-нан жоғары) қазақша күрес


І орын иегері Абдрахманов Рамиль (30 000 тг)

ІІ орын иегері Утегенов Нұрлан (20 000 тг)

ІІІ орын иегері Қуанов Азат (10 000 тг)

Жеңіл салмақ бойынша (70кг дейін) қазақша күрес

 

І орын иегері Аскербекұлы Төре (30 000 тг)

ІІ орын иегері Шалғынбекұлы Әділет (20 000 тг)

ІІІ орын иегері Қосаев Бауыржан (10 000 тг)


«Арқан тартыс» ойыны

І орын «Москва» тобы (20 000 тг)

ІІ орын «Байрақ тобы (15 000 тг)


Қол күрес

І орын иегері Омаров Жәнібек (15 000 тг)

 ІІ орын иегері Жаманғарин Азамат (10 000)

ІІІ орын иегері Дарибаев Бауыржан (5000)



 

Гір көтеру

І орын (15 000)

ІІ орын (10 000)

ІІ орын (10 000)

ІІІ орын (5000)


Ал қой көтеру бойынша қатысушылардың ішінде ұпай саны бойынша үздік деп танылған жеңімпазға қой табысталды.

Іс-шара қортындысында облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Қуандық Қабиден БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі