Қалалық мешітте жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады 676

Қалалық мешітте жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады

25 маусым 2021 122 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде имани тәрбиенің бастауы дін негіздерін үйрететін сауат ашу курсы 7-12 жас аралығындағы балаларды қабылдап, өз жұмысына кіріскенін қуанышпен хабарлаймыз.

Жазғы демалыс уақыты балалар үшін қайырлы әрі пайдалы өтуі үшін облыстық мешіттеріміз түрлі іс-шараларды қолға алуда. Соның бірі «Имани жаз» сауат ашу курсы.

Құран әліппесі, сенім, мінез-құлық тәрбиесі сынды пәндерден Ақтөбе қалалық мешітінің ұстаздары дәріс беріп қана қоймай, танымдық ойындар мен қызықты сабақтар жүргізетін болады. Балалар білім алумен қатар, спорт сайыстарына қатысып, қаламыздың көрікті жерлеріне шағын экскурсия жасайтын болады.

Қазіргі уақытта ер және қыз балалар тобы бойынша 60-қа жуық жеткіншектер тәлім алуда.

Айта кетейік, сауат ашу курсы күн сайын 9:00—12:00 аралығында Ақтөбе қалалық орталық мешітінде өтеді.


 Ақтөбе қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі