Наиб имам университет студенттерімен кездесті 2684

Наиб имам университет студенттерімен кездесті

16 мамыр 2023 197 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Азат Ерланұлы Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында еліміздегі діни ахуал туралы сөз қозғады. Ата-баба ұстанған қазақ даласының тарихы мен дін мен дәстүрдің сабақтастығын баяндады. Ұйыған бірлігімізге сызат түсіретін дәстүрлі емес жат діни ағымдар туралы ақпарат берді. Олардан сақтанудың жолдарының бірі – сенімді діни ақпараттар туралы бағыт-бағдар беріп, діни сауатты тек өз мамандарынан сұрау керек екенін ескертті.

Білім талап қылушылар дін қызметкеріне өздерін мазалаған сауалдарды қойып, нақты әрі қанағаттанарлық жауаптар тыңдады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі