Ақтөбе: РАНТ мүшесі имамдарға семинар өткізді
ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігіне арнайы іс-сапармен РАНТ мүшесі келді. Имамдардың білімін жетілдіруге арналған семинарда РАНТ мүшесі Руслан Қамбаров фиқһ түсінігі тақырыбында дәріс оқыды. Дін қызметкерлеріне тақырып айналасында егжей-тегжейлі түсіндірді. Семинар соңында имамдарға сертификаттар берілді.