2 Сафар
05:28 Күн
«Нұр Ғасыр»: Бітіруші түлектермен кездесу өтті 4513

«Нұр Ғасыр»: Бітіруші түлектермен кездесу өтті

14 мамыр 2025 358 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Діни білім және кадр дайындау бөліміне жауапты маманы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Досбол Аймырза «Ақтөбе» медресе-колледжінің бітіруші түлектерін жұмысқа шақырды.

Өңірге қызметке шақыруға бағытталған шараға медресе-колледждің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жексенбай Торбаев, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли, Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков пен «Қурайлы» мешітінің бас имамы Руслан Елемесов және 28 бітіруші түлек қатысты

Сонымен қатар дін мамандары Ислам дініне қызмет етудің маңыздылығы мен имамдардың қызметі баяндап, түсіндірді.

Одан өзге шара қортындысында облыстық мешіттің ішкі тынысы таныстырылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі