Облыстың Бас имамы «Рика» телеарнасына сұхбат берді
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев «Рика» телеарнасына Рамазан айы туралы сұхбат берді.
Облыстың Бас имамы қасиетті айдың қадір қасиеті туралы толық түсіндіріп өтті. Сонымен қатар Рамазан айында өкілдікте атқаралатын шараларға тоқталды.
Сұхбатты толығарық «Кәусар» бағдарламасынан Рамазан айында көре аласыздар.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































