Рамазанға дайындық жұмыстары пысықталды 1463

Рамазанға дайындық жұмыстары пысықталды

28 наурыз 2022 113 Оқу 1 минут

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында қала және аудан имамдарына арналған жиналыс өтті.
Жиында облыстың Бас имамы күн тәртібі бойынша мешіттер мен дін қызметкерлерінің Рамазан айын жоғары деңгейде атқару үшін осы бастан дайындық жұмыстарын пысықтап, ҚМДБ жоспарына сәйкес, мешіттердің қарилармен қамтылып, хатым Құран жасалуын, тарауық намазының үзбей оқылуын, ауызашарлардың тұрақты берілуін, «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» мен «Балалар» жылына орай ерекше жобалар мен түрлі форматтағы іс-шаралардың ұйымдастырылуын, халық арасында кең көлемде насихатталып, ақпараттандырылуын, қауіпсіздік талаптары сақталуын, қайырымдылық жұмыстары жүйелі түрде өткізілуін қадағалауды тапсырды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі