РАНТ мүшесі Шалқарда 2136

РАНТ мүшесі Шалқарда

29 қыркүйек 2022 191 Оқу 1 минут

Бүгін Шалқар қаласында облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен, өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау мақсатында ұйымдастырылған «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы мен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли «Қамқор-локоматив пайдалану депосы» мекемесіндегі теміржол қыметкерлеріне ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді. 

РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Дәуренбеков: «Дін әрбір отбасыда бар және бар болып қала береді. Балаларымыздың саналы болғаны біздің әрекетімізге тікелей байланысты»,- деп діннің адам өміріндегі маңыздылығына тоқталды. Ал наиб имам Алмат Әли «Көшпелі уағыз-насихат» жобасының маңыздылығын баян етті.

Аталған кездесуге 80 қызметкер қатысты. Шара қортындысында РАНТ мүшесі дін аясында қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі