Облыс әкімі «Нұр Ғасыр» ұжымын марапаттады 234

Облыс әкімі «Нұр Ғасыр» ұжымын марапаттады

21 қазан 2020 168 Оқу 1 минут

18-қазан – ұлты мен діни сенімге қарамастан барша адамзатты біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні аталып өтті.

Аталмыш мерекеге орай а.ж. 15 қазан күні Ақтөбедегі діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында Облыс әкімі О.Оразалиннің төрағалығымен дөңгелек үстел өтті. Ақтөбе облысының Бас имамы іс-сапарда болуына байланысты іс-шарада наиб имам Алмат Әли баяндама жасады. Ислам діні татулықты, ауызбіршілікті діттейтінін жеткізіп, өзге де дәстүрлі діндерді, әрі олардың пайғамбарлары мен кітаптарын мойындайтындығын әуел баста-ақ қасиетті Құранның аяттарында келгенін атап өтті. Сондай-ақ, әртүрлі дін өкілдерінің бас қосуы, еліміздегі рухани келісімнің, тұрақтылықтың, түсіністіктің, сыйластықтың бар екендігін көрсететінін тілге тиек етті.

Шара барысында Облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы пандемия кезінде ҚМДБ-ның Ақтөбе облыстық өкілдігінің атқарған жұмысы мен қайырымдылық шараларына жоғары баға беріп, ризашылығын білдіріп алғыс хат және естелік сыйлықпен марапаттады.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі