Наиб имам Қобда ауданына іс-сапармен барды 2170

Наиб имам Қобда ауданына іс-сапармен барды

11 қазан 2022 187 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің наиб имамы, ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли Қобда ауданына іс-сапармен барды. 

 Аталған іс-сапар барысында аудандық "Шәріп молда" мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа уағыз айтып, дұға жасады. Сонымен қатар ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен «INFAQ» қайырымдылық қоры бірлесіп, мешіт жамағатының қолдауымен аудан бас имамына қызметтік үйдің сертификатын табыстады.  

 Одан өзге аудандық мешіттің жанынан салынып жатқан дәретхана, жылу қазандығы тұратын арнайы бөлмелердің құрылысымен танысып, мешіттің қысқа дайындығын пысықтады. Іс-сапар қортындысында аудан орталығындағы "Бауыржан" мейрамханасында ақсақалдармен кездесіп, дастархан басында бас қосты.

Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі