Ақтөбе: Мәуліт айының құрметіне ас берілді 2171

Ақтөбе: Мәуліт айының құрметіне ас берілді

11 қазан 2022 114 Оқу 1 минут

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) дүниеге келген мәуліт айының құрметіне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен 500 адамға ас берілді.     

Аталған шарада Облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы арнайы қонақ болып, ұлық айдың қадір қасиеті туралы уағыз-насихат  айтты. Аталған іс-шарада Мәуліт оқылып, жамағаттың жасы үлкен ақсақалдары бата беріп,  дұға жасады. 

Сонымен қатар рухани шара барысындаАлла Елшісінің (с.ғ.с)  ғибратты ғұмыры жайында видеоролик көрсетілді. Одан өзге ұлы тұлғаның  кемел сипаттары кеңінен айтылып,  жамағат арасында адамзаттың абзалы туралы сұрақ-жауаптар негізінде викториналық ойын ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан қатысушыларға сый-сияпаттар  мен «Адамзаттың асыл тәжі» және өзге де құнды кітаптар тарту етілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі