«Қабақ баба» мешіті: Мәуліт айы ұлықталды 2169

«Қабақ баба» мешіті: Мәуліт айы ұлықталды

11 қазан 2022 124 Оқу 1 минут

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай Ақтөбе қаласы «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен мешіт жамағатына іс-шара ұйымдастырылды.

Игі басқосуда бас имам мәуліт айының мәні туралы: «Мүбәрак мәуліт айының мұсылман баласына берері көп. Бұл айда Алла Елшісінің (с.ғ.с) сүннеті мен тұлғалық сипаттарының бойымыздан табылуына барынша әрекет етуіміз қажет»,-деп түсіндіріп өтті. Сонымен қатар аталған шараның құрметті қонағы РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы қасиеті айдың ұлықтылығы туралы уағыс-насихат айтты.

Одан өзге іс-шарада Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаяны негізінде сұрақ-жауаптартан тұратын викториналық ойындар ұйымдастырылып, белсенділік танытқан жандарға сыйлықтар табыс етілді.


Ақтөбе облыстық орталалық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі