«Әс-сәлам» мешітіне жаңа имам тағайындалды 443

«Әс-сәлам» мешітіне жаңа имам тағайындалды

05 қаңтар 2021 307 Оқу 1 минут

Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Әс-Сәлам» мешітіне жаңа имам тағайындалды.

Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби Оспан Ақтөбе қаласы, «Әс-Сәлам» мешітіне жаңа имам Шыңғыс Құлшаровты жамағатқа таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді. Ол бұдан алдын Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы болып қызмет еткен болатын. «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 2019 жылғы түлегі.

Бас имам Т.Оспан бұған дейін аталмыш мешіттің имамы болған Мәди Орынбайұлына алғыс айтып, имамдардың қызметтеріне сәттілік тіледі. Саналы өмірі мен бар білімін Ақтөбе өңірінде дін Исламның өркендеп, дамуына арнаған дін қызметкері алдағы уақытта мешіттің наиб имамы ретінде жұмысын жалғастыратын болады.

Жасы үлкен ақсақалдар да жаңа имамның қызметіне Алла жар болсын дей отырып, жергілікті жамағат тарапынан қолдау көрсетуге әзір екендіктерін жеткізді.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі