Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек берілді 5926

Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек берілді

12 ақпан 2026 51 Оқу 1 минут

Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласында «Ислам және адал қоғам» жылына орай дін қызметкерлері қоғамда ізгі амалдар мен қайырымдылық жасады.

Қандыағаш қаласындағы «Қадірәлі ата» мешітінде қар құрсауында қалған жолаушыларға жамағат тарапынан көмек берілді. Ауа райының күрт өзгеруі нәтижесінде барлық бағыт бойы жол жабылып 80 адам мешітке түнеп шықты. Аталған мешітінің имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұловтың ұйымдастыруымен мешіті асханасы және бірнеше мейрамханада жолда қалған жолаушыларға арнайы дастархан жайылды.

Ал ақпан айының 11-і күні таңертең жол ашылғаннан кейін жолаушылар сапарға қайта шықты. Үйлеріне оралғанға дейін дін жанашыры мен жамағат жәрдем берді. Жолда қалған жолаушылар қатарында Өзбекстан, Қырғызстан азаматтары мен Шымкент, Атырау қаласының, Темір мен Байғанин ауданының тұғындары бар.

Жолаушылар ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Ақтөбе облысының имамдарына алғыстарын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі