Облыстық мешіт мұқтаждарға азық-түлік таратты
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 40 мұқтаж отбасыға азық-түлік толы пакеттер таратылды. Алла үйіне келіп өтініш білдірген мұқтаждарға имамдар отбастарына береке тілеп, Алладан ризық-несібелерінің артуын тіледі.