81 отбасыға Рамазан қоржыны табысталды 3356

81 отбасыға Рамазан қоржыны табысталды

13 сәуір 2024 1210 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық "Жанаман ахун Сейітімұлы" мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай “Рамазан қоржыны” акциясы аясында 81 отбасыға азық-түлік салынған қоржын табысталды.

Игі шараның алдында сөз алған Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков халыққа Рамазан айының берекесін тілеп, қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылатынын, ол - адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі екенін баяндады.

Мешітке тіркелген әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар "Рамазан қоржынына" ие болды.

Қайырымдылық айы саналатын Рамазанда Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) жомарттығы одан сайын арта түсетін болған екен. Алла елшісін (с.ғ.с ) үлгі тұтқан дін жанашырларының осы бір сауапты істеріне халық дән ризашылықтарын білдірді.