ҚМДБ ақсақалдар кеңесі мүшесіне құрмет көрсетілді 6488

ҚМДБ ақсақалдар кеңесі мүшесіне құрмет көрсетілді

04 шілде 2026 32 Оқу 1 минут

Қасиетті жұма күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев жұма уағызын айтып, қасиетті мешітке жиналған жамағат алдында ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ахан Бекежан ақсақалдың иығына шапан жауып, алғыс білдірді.

Бас имам Амантай Әбілдаұлы бірнеше жыл бойы білім саласының өркендеуіне, қоғам мен руханияттың дамуына сүбелі үлес қосқан С.Бәйішев университетінің президенті, философия ғылымдарының докторы, профессор, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті ақсақалдар алқасының мүшесі Ахан Бекежан ақсақалдың еңбегіне ризашылығын жеткізді.

Өз сөзінде бас имам елге қызмет етіп, кейінгі ұрпақтың білім алып, рухани кемелденуіне еңбек сіңірген зиялы қауым өкілдерін құрметтеу – ұлттық құндылықтарымыздың бір көрінісі екенін атап өтті. Сондай-ақ ақсақалдың ақыл-парасаты мен өмірлік тәжірибесі жастарға өнеге болып, мешіттің рухани жұмыстарына қосып жүрген үлесі жоғары бағаланатынын айтты.

Шара соңында жамағат ақсақалға құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдірді. Өз кезегінде Ахан Бекежан ақсақал көрсетілген ықылас пен құрмет үшін алғысын айтып, елдің бірлігі мен тыныштығын, халқымыздың амандығын тілеп, ақ батасын берді.